Алматыда көліктен ер адамның мәйіті табылды

04 мамыр 2022, 16:40

Алматыда көліктен мәйіт табылды. Марқұмның қасында болған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер «Айнабұлақ» ықшамауданында Toyota автокөлігінде табылған мәйіттен ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталмағанын мәлімдеді.

 

Марқұмның қасында болған 1989 жылы туған Б есімді ер адам ұсталды. Жанжалдасқан болуы мүмкін.

 

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

Ведомство өлімнің себебін сот-медициналық сараптама анықтайтынын атап өтті.