Оқиға

Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, бір адам көз жұмды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Алматыда тұрғын үйде шыққан өрттен бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Өрт туралы ақпарат төтенше жағдайлар департаментіне 8 қараша күні таңғы сағат 06:41 кезінде түскен.

 

Өрт сөндрушілер Бостандық ауданы «Қазақфильм» шағын ауданындағы мекенжайға жоғары дәрежедегі шақыртуға шықты.

 

Өрт сөндірушілер келген кезде бес қабатты үйдің бірінші қабатының баспалдағын қою қара түтін басқан.

 

 

Тұрғындардың басым бөлігі пәтерінен сыртқа шығып үлгерген.

 

Ал өртке оранған пәтерге газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары құтқару құралдарының көмегімен темір торды бұзып, ас үйде қамалып қалған 75 жастағы үй иесін шығарды. Әжесі екі немересін қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.

 

Барлау кезінде үш бөлмелі пәтердің бірінде ер адамның бар екені туралы айтылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жанып жатқан бөлменің ішінен 1977 жылы туған ер адамның денесі табылды.

 

Зардап шеккендер жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

 

Өртті сөндіруге 30 қызметкер, 6 техника жұмылдырылды.

 

Өрт қуаттап қойған электросамокаттан шығуы мүмкін деген болжам бар.

 

 

 




Көрілген: 451    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.11.2021, 23:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31