Оқиға

Алматыда көшеден 3 жастағы қыз бала табылды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Алматыда үш жасар қыз көшеде адасып кеткен жерінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 маусым күні Түрксіб аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғындардан қоңырау келіп түскен. Сейфуллин даңғылына жетпей Палладин көшесінде 3 жасар қыз табылған.

 

Қоңырау шалушылардың айтуынша, бала ересектердің қарауынсыз жүрген.

 

«Баланың және оның анасының жеке басы бірден анықталды. Ол сол уақытта жұмыста болған. Әйел қызын 10 жастағы үлкен ұлымен үйде қалдырғанын айтты. Ұлы ұйықтап жатқанда, бүлдіршін үйден шығып кетіп, жоғалып кеткен. 1994 жылы туған азаматшамен алдағы уақытта мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме өткізілді. Отбасы тұрғылықты жері бойынша тексерілді», – деді Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еркін Амантаев.

 

 




Көрілген: 489    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.06.2021, 17:13

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31