Оқиға

Алматыда құдықтың қақпағы автобусты тесіп өтіп, жолаушы ауыр жарақат алды (фото)

  • © Sputnik

    © Sputnik

Алматыда жаңбыр суы ағатын құдықтың бекітілмеген қақпағы жол апатына себепші болды. Оқиға салдарынан жолаушы әйел аяғын сындырып, ауруханаға жатқызылды.


Төтенше жайт таңғы сағат он кезінде Шығыс айналма жолы мен Халиуллин көшесінің қиылысында болған.



Қалалық автобустың 65 жастағы жүргізуші әдеттегі бағдар бойынша келе жатады. Шығыс айналма жолдан өтіп, Халиуллин көшесіне шыққан. Кәріз құдығының үстінен өтіп бара жатқанда, қатты соққы болып, артынша жолаушы әйелдің шыңғырған үні естіледі.


Көлікті тоқтатып қараса, жаңбыр суы ағатын құдық қақпағының жартысы жолаушы әйел отырған жерден автобустың астын тесіп өтіпті.



Зардап шегуші аяғының қатты ауырып тұрғанын айтып, жедел жәрдем шақыруды сұрайды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер әйелдің аяғы сынғанын хабарлап, ауруханаға алып кетті.


Қазір төтенше оқиға орнында коммуналдық қызметтер жұмыс істеп жатыр. Алматы полициясы болған жайтты тергеп, айыптыны анықтайды.



Еске сала кетсек, дұрыс бекітілмеген құдық қақпағы екі жыл бұрын Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына себепші болған еді. Оқиға салдарынан Екатерина Парафиева екі аяғынан айырылды.


Sputnik


 




Көрілген: 739    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.05.2019, 15:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31