Оқиға

Алматыда қызды кездесуден кейін зорлап кеткен

  • https://www.sb.by/

    https://www.sb.by/

Алматыда қызды кездесуден кейін зорлап кеткен. Бұл туралы әлеуметтік желіде "Не молчи" ұйымының негізін қалаушы Дина Смаилова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дина Смаилова Facebook-те жазба жариялады. Онда қыз өзін зорлаған адаммен әлеуметтік желіде танысқанын айтқан.

"Алматыда жас қыз Instagram арқылы жігітпен танысады. Олар екі апта бойы хат алмасып тұрған. Жігіт қызбен кездесу күнін белгілейді. Алдымен олар жігіттің көлігімен бургер сатып алуға барады. Кейін Весновкаға барады. Басында бәрі жақсы болады. Алайда қыз жігіттен өзін үйіне апаруды сұрағанда ол оған оны зорламақ болғанын ашық айтады.

Ол қызды зорлап ұрып-соғады. Кейін оны үйіне апарып тастауға уәде береді. Алайда жігіт қызды Розыбакиев көшесімен үйіне апара жатқан кезде ол ашуға ерік береді. Ол көлікті құрылысы жүріп жатқан нысанға бұрып, қызды қайта зорлайды. Оны 4 рет тұншықтырып, өлтіріп тастайтынын айтады. Ол қызға жазадан құтылып кететінін, әкесі бұрынғы полицей екенін айтады. Тіпті, оған әкесі 2 рет жазадан құтылуға көмектесіпті. Сондай-ақ, жігіттің ағасы прокуратурада жұмыс істейді екен", - деп жазды Смаилова.

Оның айтуынша, қыз жігіттен қашып құтылған. Кейін полицияға арыз жазған.

Алматы қаласы полиция департаменті болған жағдайға қатысты түсінік берді.

"Қазіргі таңда бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы ("Зорлау") бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Істі тергеу аясында бірқатар сараптама тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданды. Тергеу қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында", - делінген хабарламада. 




Көрілген: 1160    Пікірлер: 0

жұма, 02.10.2020, 15:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30