Алматыда Magnum дүкендері тоналды

06 қаңтар 2022, 00:24

Алматыда Magnum дүкендер желісі тоналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Бұл ақпаратты компанияның PR-маманы Дмитрий Шишкин растады.

 

"Өкінішке қарай, қазіргі уақытқа дейін Төле би даңғылында орналасқан дүкендер бойынша екі мародерлік әрекет анықталды. Біреуі Тастақта, екіншісі Төле би - Шәріпов көшесінің қиылысында. Зардап анықталып жатыр", - деді Шишкин.

 

Оның айтуынша, қазіргі ахуалға байланысты қаладағы дүкендер жұмыс істеп тұр, бірақ штаттық режимде емес.

 

"Облыстағы қызметкерлер бойынша мәселе туындап тұр, бірақ мүмкіндігінше, қызметкерлер санын көбейтуге тырысамыз, тұрғындар қауіпсіз жағдайда азық-түлік сатып алуын қамтамасыз ету үшін үйлердің жанынан шағын дүкендер ашамыз", - дейді компания өкілі.