Оқиға

Алматыда Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігі тоналды

  • © inalmaty.kz

    © inalmaty.kz

Алматыда Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің аумағында жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігі тоналды. Бұл туралы inAlmaty.kz хабарлады.


Спортшы көлігінің бүйір айнасы қолды болғанын дәмханада достарымен бірге түстеніп шыққаннан кейін байқаған. Ұрлық бір жыл бұрын көлік ұрылары әлемге әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтіріп кеткен ауданда болған.


"Toyota Land Cruiser" көлігін Олимпиададан кейін сыйға тартып еді. Бір айнасы 400 мың теңге көлемінде тұрады. Біз Денис Тенді өлтіріп кеткен жерге жақын маңда отырдық. Адамдар айна ұрлығын қоймапты, осыдан наразылық туындайды. Біздің халық өзгермейді", - деп мәлімдеді Дмитрий Баландин.


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен көлік ұрыларының қолынан қаза тапқан болатын. Осы жылы Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыскерлерге үкім шығарды. Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов 18 жылға, ал Жанар Толыбаева 4 жылға сотталды.


inalmaty.kz

 




Көрілген: 414    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.04.2019, 10:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31