Оқиға

Алматыда өртке оранған үйден әйелдің денесі табылды

  • Алматыда өртке оранған үйден әйелдің денесі табылды

    Алматыда өртке оранған үйден әйелдің денесі табылды

21 қазан күні кешке Алматыда Самал-2 шағын ауданында өрт шықты. Оқиға орнында әйелдің денесі табылды, тағы біреуін аман алып қалды. Бұл туралы қаланың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"21 қазан күні сағат 22.50-де өрт сөндірушілер Медеу ауданы, Самал-2 шағын ауданы, 73-үйдегі өрт туралы хабарламаға шықты. Оқиға орнына алты минуттан кейін жетті.  Жағдай келесідей болды: тоғыз қабатты үйдің жетінші қабатындағы пәтер ашық жалынмен жанып жатты. Екі терезеден қалың түтін мен от лаулап тұрды, терезе саңылауларының бірінде әйел көмекке шақырып тұрды. Алтыншыдан тоғызыншы қабатқа дейінгі баспалдақ алаңдары түтінге оранды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің көмегімен дереу жоғарғы қабаттардан адамдар эвакуацияланды", - деді Алматы ТЖД-де.

 
Өрт сөндірушілер қалың металл есікті арнайы құралмен ашты. Жанып жатқан пәтерде температура өте жоғары болды.

"Пәтердің бөлмесінде - өрттің ортасында - 1976 жылы туған әйелдің денесі табылды. Сол уақытта тағы бір әйелді жетінші қабаттың терезесінен құтқару үшін АЛ-32 өрт сатысы орналастырылды. Құтқарылған 53 жастағы азамат жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде өрт 27 минут ішінде оқшауланды, 20 шаршы метр алаңда 23.48-де толығымен жойылды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 24 адам, сегіз бірлік техника, сондай-ақ Медеу ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды", - деді ведомствода.

Полиция департаменті өрт шыққан жерге қосымша нарядтар мен жергілікті учаскелік инспектор келіп, үй тұрғындарын эвакуациялауға көмектескенін хабарлады.

"Олардың арасында қарт адамдар да, кішкентай балалары бар отбасылар да болды.  Өртті толығымен оқшаулап, өрт ошағын жойғанға дейін бұл азаматтар полиция көліктерінде жылынып жүрді", - деді Медеу ауданы полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.




Көрілген: 152    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 11:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30