Оқиға

Алматыда отқа оранған «Ниссан» патруль көлігіне соғылып, жүргізуші мерт болды (видео)

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда отқа оранған көлік патрульге соғылып, жүргізуші мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Бүгін сағат 15:05 кезінде Дулати көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан «Ниссан Премьера» автокөлігі әл-Фараби даңғылы бойында тұрған патруль көлігіне соқтығысып, артынша шығыс бағытта қозғалып бара жатқан «Meрседес» көлігіне соғылды»,– деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Салдарынан экипаж құрамындағы полиция қызметкерлерінің бірі ауыр жарақат алып, жедел түрде №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

 

«Жанып жатқан «Ниссан» көлігін өрт сөндірушілер өшірді. Тексеру кезінде көліктен жүргізушінің денесі табылды. Қазіргі уақытта оның кім екені анықталып жатыр» деп толықтырды полициядан.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CEY2JGGpz_6/




Көрілген: 253    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.08.2020, 16:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31