Оқиға

Алматыда отшашуды дұрыс пайдаланбаған балалар көзін жарақаттап алды

  • Алматыда отшашуды дұрыс пайдаланбаған балалар көзін жарақаттап алды

    Алматыда отшашуды дұрыс пайдаланбаған балалар көзін жарақаттап алды

Алматыда жаңа жыл түні пиротехника өнімдерін дұрыс қолданбау салдарынан үш өрт тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Түнгі сағат 00.18-де Әуезов ауданында 9-қабаттағы пәтердің балконы жанды. Өрттің себебі – петарда әйнектелмеген балконға түсіп кеткен.

00:28-де Наурызбай ауданында жеке тұрғын үйдің мансарды отқа оранды. Қызыл жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт 01:40-та ауыздықталып, 02:36-да толық сөндірілді. Мұнда да тілсіз жаудың тұтануына петарданың мансардаға түсіп кетуі себеп болған.

Түнгі сағат 00.31-да Алмалы ауданында «Grand Asia» бизнес-орталығында 5-қабаттан бастап 12-қабатқа дейін керамогранит астына төселген жылытқыш құрал жанды. Өрт 150 шаршы метр аумаққа жайылды.

Куәгерлердің айтуынша, петарда қасбет пен қабырға арасындағы тесікке түсіп кеткен.

«Төрт адам зардап шекті: көзі жарақаттанған 10-11 жасар екі бала және көз жанары күйіп қалған 39 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Ал 1975 жылы туған ер адамның қолындағы петарда жарылып кеткен. Ол сол қолының жарақатымен ауруханаға қаралды. Барлық зардап шегушілер алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды», - деп мәлім етті департамент.

Осыған байланысты Алматы төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын пиротехниканы қолданар кезде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

 




Көрілген: 348    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.01.2020, 20:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29