Оқиға

Алматыда ойын алаңында төбелескен аналар жаға ұстатты

  • Көрнекі фото.  https://www.vesti.ru/

    Көрнекі фото. https://www.vesti.ru/

Алматыдағы сауда орталықтардың бірінде болған төбелестің видеосы желіде тарап кетті. Қалалық полиция департаменті осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Видеода әйелдердің төбелесіп қалғанын байқауға болады. Оларды сауда орталығына келген ер адамдар да, орталық қызметкерлері де ұстап, арашалап жүр. Оның арғы жағынан бір-біріне әдепсіз сөздерді айғайлап айтып жатқан әйелдердің дауысы естіледі.

 

Іinstagram желісінде жарияланған видеоның кейіннен өшірілгені белгілі болды. Ал жанжалдың шығу себебі беймәлім күйде қалып отыр.

 

Қалалық полиция департаменті осы оқиғаның Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-бабы ("денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") бойынша тіркелгенін мәлімдеді.

 

Аталған бап негізінде кінәлілерге 15 айлық есептік көрсеткіш (43 755 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.

 

Ал желі қолданушыларының көпшілігі төбелес шығарғандарды сынға алып, наразылықтарын білдірді.

 

Олардың бірі: "Масқара, бәрінен бұрын балаларды аяйсың", десе, енді бірі: "Ойын алаңдарының ашылғанын күтіп едік, ал керек болса", – деп жазды.

 

 

 

 

 




Көрілген: 336    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 17:05

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30