Алматыда полицейді көлігімен сүйреген жүргізуші құрықталды (видео)
Алматыда полицейді жарақаттап қашқан күдікті ұсталды. Тәртіп сақшысын бірнеше метрге дейін көлігімен сүйрелеген жүргізуші қорыққаннан осы іске барғанын айтқан.
38 жастағы тұрғын қазір қамауда. Жол патрульіне бағынбай, қашқан оны тәртіп сақшылары үш күннен соң іздеп тапты. Ал оның берген түсініктемесі тергеушілердің күлкісін келтірген.
Айтуынша, қорқып қашқан екен. Десе ед, қымбат көлік тізгіндеген қашқынға қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. Олар «жол көлік оқиғасы» мен «билік өкіліне бағынбау».
Осылайша, тұрақ ережесін бұзып, айыппұл төлеуден жалтарған жүргізуші енді 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі:
- «Жауапкершіліктен қорықтым. Сондықтан осы күндері тығылуға мәжбүр болдым» дейді. Әрине, өзін арашалап қалу үшін қайдағы бір жоқты айтып әлек болады. Әтсе де, сот міндетті түрде үкімін шығарады.
Видео: www.ktk.kz/kz/news/video/2019/08/16/127757/