Алматыда полиция ұрланған қару-жарақ жасырылған қойманы тапты

11 қаңтар 2022, 14:12

Қирату, тонау  кезінде ұрланған қаруларды Алматы облысының 18 жастағы жасырған, деп жазды Inbusiness.kz Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

 

"Оны Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері ұстады. Жауап алу кезінде ер адам қару сататын дүкендерді тонауға қатысқанын мойындады. Оның ұрланған мылтықтарды карьерлердегі қоймада сақтағаны анықталды", – деп жазылған хабарламада. 

 

Күдіктінің бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

 

Қазіргі уақытта оның қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде басқа да қылмыстық іс-әрекеттерге қатысын анықтау, сондай-ақ, заңсыз сақталған басқа да қару-жарақтарды тәркілеу бойынша жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.