Оқиға

Алматыда ірі апаттың алды алынды (фото)

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда өрт сөндірушілер Түрксіб ауданында орын алған қауіпті өртті сөндіріп, газ тарату пунктінің жарылуына жол берген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«14 маусым күні сағат 17:16-да 101 пультіне Түрксіб ауданына қарасты Сүйінбай даңғылында орналасқан жеке үйдің иесінен өрт шыққандығы туралы хабарлама түсті. №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің алғашқы тобы оқиға орнына 4 минуттың ішінде келіп жеткенде 2 үйдің шатыры жанып, іргелес дәмхана шатырын шарпып жатты», - деп атап өтеді қалалық төтенше жағдайлар департаментінен. Ведомство мәліметінше, өзге де іргелес нысандарға өрттің таралуы қаупі жоғары болды. Бұған қоса, қызыл жалынға оранған нысанға тақау газ тарату пунктінің орналасқандығы да жағдайды одан ары қиындата түсті. Сондықтан оқиға орнында жедел штаб құрылып, өртті сөндіру екі учаскеде жүргізілді. Апаттық құтқару қызметі де оқиға орнына шақырылып, олар электр және газ желілерін ажыратып тастады.

 

 

Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде 250 шаршы метр аумақты шарпыған өрті сағат 18:06-да толық сөндірілді. Өрт орнынан сыйымдылығы 150 литр 3 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды және өрттің іргелес үйлерге таралуына жол берілмеді. Қызыл жалынмен күреске 26 маман мен 8 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

 

 




Көрілген: 317    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.06.2020, 23:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31