Оқиға

Алматыда ірі тұрғын үй кешені өртенді – видео

  • Алматыда ірі тұрғын үй кешені өртенді – видео

    Алматыда ірі тұрғын үй кешені өртенді – видео

Көп қабатты тұрғын үйде заттар мен жиһаз отқа оранды. Өрт сөндірушілер 55 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады

Алматыдағы көп қабатты үйден өрт шықты. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, пәтерлердің біріндегі жиһаз бен заттар өртенген. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқиға 16 мамырға қараған түні Абай даңғылы, 150 мекенжайында, 17-қабаттық "Гауһартас" тұрғын үй кешенінде болған. Жалпы аумағы 30 шаршы метрлік 11-қабаттағы пәтерде жиһаз бен заттар өртенді.

"55 адам эвакуацияланды. Үйдің жабыны жарым-жартылай құлады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғын үй кешенінің жанында тұрған көліктер техникаға өрт шыққан жерге жетуге кедергі келтіргенін атап өтті.

 

Нұр-Сұлтанда жатақхана өртеніп кетті

"Егер жолды тез арада босатқан "109" құтқару қызметінің эвакуаторлары келмегенде, адам шығыны немесе зардап шеккендер болуы мүмкін еді. Жедел қызметтердің өтуіне кедергі жасамауды сұраймыз. Адам өмірі осыған байланысты", - деп атап өтті департамент.

Өрт сөндірушілер жалынды сағат 00:22-де сөндірді. Өртті жеке құрамның 70 адамы, 18 арнайы техника, сондай-ақ Бостандық ауданы полиция басқармасының қызметкерлері сөндірді.

 

sputniknews.kz




Көрілген: 376    Пікірлер: 0

сенбі, 16.05.2020, 12:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31