Оқиға

Алматыда тағы да газ жарылып, бір адамды күйік шалды

  • https://moika78.ru/

    https://moika78.ru/

Алматыда газ жарылып, ер адамның денесінің 30% күйік шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда газ бен ауа қоспасының жарылуынан болған апат жиі тіркеліп отыр.

Мамандардың айтуынша, көбіне газ-ауа қоспасы бөлменің төбесінде жиналып тұрады. Электр құрылғысы қосылғанда немесе өшірілгенде тарс етіп атылады.

«12 қарашада Әуезов ауданында газ бен ауа қоспасы жарылып, ер адамның денесінің 30%-ын күйік шалды. Ол ауыр жағдайда №4 ауруханаға жеткізілді. Бұл апат газ құрылғысын дұрыс пайдаланбаудан болған. Ер адам үйіне келіп, итіне тамақ жылытып жатқан. Газды қосып кеткенде байқаусызда от өшіп қалған. Сәйкесінше, газ концентрациясы ауада жинала берген. Қайтып келген үй иесі қайтадан сіріңке жағып, от тұтатпақ болған. Сол сәтте жарылыс болды», - деді спикер.

Сонымен қатар, 11 қарашада жантүршігерлік жарылыс болды. Жетісу ауданында 3 қабатты үйдің 1-қабатындағы пәтерде газ бен ауа қоспасы жарылып, 3 адам ауыр жарақат алды.

Дәрігерлердің айтуынша, олардың денесін 40-100% күйік шалған. Кеше 100% күйік алған 36 жастағы ер адам көз жұмды. Қалған екі адам әлі де жансақтау бөлімінде жатыр.

 




Көрілген: 317    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.11.2019, 13:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30