Оқиға

Алматыда такси ұстап тұрған қыз бен жігіт ажал құшты (фото)

  • © Sputnik / Стрингер

    © Sputnik / Стрингер

Алматыда Розыбакиев пен Есқараев көшелерінің қиылысында ірі жол апаты болды.


Куәгерлердің айтуынша, Toyota Land Cruiser Prado көлігі Есқараев көшесімен шығыс бағытта келе жатқан. Көліктің рөлінде отырған қыз "Жол бер" белгісін байқамай немесе елемей, Розыбакиев көшесімен қиылысқа қарай бет алған. Осы кезде, жол апаты куәгерлерінің айтуынша, Lexus GS 300 сол көшемен жоғары жылдамдықпен солтүстік бағытта келе жатқан.



Toyota көлігі Lexus-тің бүйірінен соққан, соңғысы қатты соққыдан жолда айнала бастайды, автокөлік жарықтандыру бағанына соғылып, жүз метрдей жерге ұшып түсіп, тоқтайды.


Шамалғандағы қайғылы оқиға: зардап шеккендер туралы тың дерек шықты


Жол талғамайтын көлік соқтығысқаннан кейін үш жаяу жүргіншіні қағып кетеді, олар сол маңда такси ұстап тұрған. Содан кейін көлік арыққа түсіп кеткен.



Жол апаты салдарынан 1992 жылы туған қыз оқиға орнында көз жұмды, жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Тағы бір қызға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, ол ауруханаға жатудан бас тартты.


Трагедияның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері, криминалистер мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.


sputnik


 


 




Көрілген: 2162    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.09.2019, 09:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31