Оқиға

Алматыда такси ұстап тұрған үш адамды көлік қағып кетті (фото)

  • © Sputnik / Наталья Селиверстова

    © Sputnik / Наталья Селиверстова

Алматыда ер адам жолдың жиегінде тұрып, такси ұстап тұрған үш жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

 

Оқиға Ташкент даңғыл жолындағы "Апорт" сауда-ойын-сауық орталығы маңында сенбі күні кешке болды.

 

Куәгерлердің айтуынша, ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі батыс бағытта жол бойымен келе жатқан. Сауда орталығына жетпей, ол жол жиегінде тұрып такси ұстамақшы болған үш жаяу жүргіншіні қағып кетті.

 

 

Түрлі дене жарақатын алған үш адам жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.

 

Ал жүргізуші медициналық тексеруге жіберілді. Тексеру нәтижесі бойынша оның "жеңіл дәрежеде" мас екені белгілі болды. Сондай-ақ оның есірткі қолдану фактісі де расталды.

 

Алматы полиция департаментінің тергеушілері мен криминалистері істі тергеп жатыр.

 

 ВИДЕО: https://www.instagram.com/p/CPw5uVWFaFe/?utm_source=ig_embed&ig_rid=a396e7bd-4dfb-498d-9d18-483390553635

 

 

 




Көрілген: 1406    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.06.2021, 16:06

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31