Оқиға

Алматыда тежегіші істен шыққан жүк көлігі жантүршігерлік жол апатын жасады (ВИДЕО)

  • Алматыда тежегіші істен шыққан жүк көлігі жантүршігерлік жол апатын жасады (ВИДЕО)

    Алматыда тежегіші істен шыққан жүк көлігі жантүршігерлік жол апатын жасады (ВИДЕО)

https://www.instagram.com/kris_p_almaty/?utm_source=ig_embed

Тежегіші істен шыққан жүк көлігі үш машинаға соғылып, жаяу жүргінші әйелді қағып, бірнеше кедергілерді бұзып, жеке меншік аумаққа кіріп тоқтаған, деп хабарлайды Stan.kz.

Жол апаты Алматыда Дулати көшесінде, Ғаламат шағынауданында бұрылыстың жанында болды.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі Дулати бойымен солтүстікке қарай кетіп бара жатқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, автомобильдің тежегіштері істен шыққан. Артынша көлік бар жылдамдықпен Nissan Maxima-ға соғылған.

Дулати көшесінде жүк көлігімен болған апаттан зардап шеккен жеңіл көлік
соққыдан кейін жүк көлігін басқару мүмкіндігі жоғалғанын түсініп, оның жүргізушісі қозғалыс кезінде кабинадан секіріп кетті, ал көлік қозғалуды жалғастырды.

Шетке шыққан Nissan қарсы келе жатқан жолақтан өтіп, тұрақта тұрған Audi-мен соқтығысқан, ал жүк көлігі жолдың шетінде тұрған әйелді қағып, көшедегі жарықтандыру бағанасын, темір қоршауды, бірнеше ағаш пен трансформаторды бұзып, жекеменшік үйдің үстіне құлады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шекті. Олар жүк көлігінің жүргізушісі, жаяу жүргінші әйел және Nissan Maxima жүргізушісі. Әр түрлі дәрежедегі жарақаттармен олардың барлығы медициналық көмекке ауруханаға жатқызылды.

Жүк көлігі метал үйіндісіне айналды және оны қалпына келтіру мүмкін емес. Апатқа кінәлілерді Алматы полициясы анықтауда.
 




Көрілген: 428    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.11.2020, 11:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31