Алматыда тоғыз қабатты тұрғын үйден 65 адам эвакуацияланды

18 сәуір 2022, 17:12

Бүгін Алматының «Ақкент» ықшам ауданында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды , - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Өрт туралы хабарлама сағат 14:30-да түскен.

 

«Құтқарушылар жеткенде 7-қабаттағы пәтердің лоджиі – жалпы алаңы 10 шаршы метр жер өртеніп жатқаны және 8-9 қабаттарға таралу қаупі анықталды. Адамдарды эвакуациялау мен құтқару жұмыстары жүргізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 7 адам құтқарылып, 65 адам, оның ішінде баласы бар әйел эвакуацияланды. Өрт 15:02-де толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр» делінеді қалалық ТЖД хабарламасында.

 

Алматы қалалық ТЖД өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды, яғни электр құралдарын қосулы күйде қараусыз қалдырмау, балкондарды жанғыш материалдармен қаптамау және темекі шекпеу туралы ескертті.

 

Еске салайық, Алматыда жеке тұрғын үйдің ауласынан өрт шыққан болатын.

 

Сондай-ақ, Алматыда көпқабатты үйдің шатырындағы өртті 40 адам жабылып сөндірген еді.