Алматыда толассыз жауған жаңбыр салдарынан ағаштар құлап, үйлерді су басты

23 мамыр 2022, 08:10

Алматыда жексенбі, 22 мамырда толассыз жауған жаңбырдың салдарынан қалада су басудың бес жағдайы тіркелді. Бұл туралы kaz.nur.kz тілшісі оңтүстік астана әкімдігінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Әкімдіктің мәліметінше, толассыз жауған жаңбыр салдарынан 7 хабарлама түскен. Оның бесеуі су басу, екеуі ағаштардың құлауы туралы.

 

"Қазіргі уақытта мегаполистің коммуналдық қызметтері апат салдарын жоюмен айналысып жатыр. Барлығы 40 арнайы техника мен 120-дан астам жұмысшы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін республикалық маңызы бар "Алматы-Өскемен" автожолында тоқтамай жауған жаңбыр салдарынан таудан еңіске бағытталған ағын су көпірді шайып кеткенін жазған болатынбыз.

 

Алматы облысынының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиғадан ешкім зардап шекпеген.