Оқиға

Алматыда түнде болған жол апатында екі адам көз жұмып, бесеуі жарақат алды

  • Алматыда түнде болған жол апатында екі адам көз жұмып, бесеуі жарақат алды

    Алматыда түнде болған жол апатында екі адам көз жұмып, бесеуі жарақат алды

Қатты соққыдан екі көлік те ондаған метрге ұшып кеткен. Subaru шам бағанасын құлатып, тағы біреуіне соғылады

Алматыда түнде көлік апаты болып бес адам жарақат алып, екеуі көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жол апаты Жандосов пен Шаймерденов көшелерінің қиылысында болған. 

Mitsubishi Carisma көлігі дүкен алдында тұрған, оның ішінде үш адам болған.

Сол уақытта Жандосов көшесімен жоғары жылдамдықта келе жатқан Subaru Legacy көлігі Шаймерденов көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмай қарсы жолаққа шығып, дүкен алдында тұрған Mitsubishi көлігіне соғылды.

Қатты соққыдан екі көлік те ондаған метрге ұшып кеткен. Сол уақытта Subaru шам бағанасын құлатып, тағы біреуіне соғылады.

Апат салдарынан Mitsubishi көлігіндегі 1985 жылғы жүргізуші мен 1987 жылғы жолаушы сол жерде көз жұмды. Бес адам  - Subaru көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы, Mitsubishi- де болған тағы бір жолаушы жарақат алды. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. 

Оқиға орнында полиция апаттың себебін анықтау үшін жұмыс істеп жатыр. Subaru көлігінен виски алкогольдік ішімдігі табылды.




Көрілген: 822    Пікірлер: 0

жұма, 10.09.2021, 10:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31