Оқиға

Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі ерлі-зайыптыны соққыға жықты

  • © Sputnik / Табылды Кадырбеков

    © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Алматы тұрғын үй кешендерінің бірінінің күзетшісі ерлі-зайыптыны соққыға жықты деген күдікке ілінді. Ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

Оқыс оқиға 2020 жылдың 1 қаңтарында таңғы сағат 6-да Тілендиев көшесінде орналасқан "Жағалау" тұрғын үй кешенінде болған.

Полиция департаментінің мәліметінше, 24 жастағы ер адам 12-қабатта Т. есімді азамат пен оның әйелінің денесіне зақым келтірген.

"Осы күні күдіктінің үстінен Қазақстан Қылмыстық кодексінің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысына сәйкес, тиісті процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, зардап шеккен келіншектің әпкесі әлеуметтік желіде күйеу баласының қазір ауруханада жатқанын, ал туысы емшектегі баласының болуына байланысты ауруханаға жатудан бас тартқанын жазды.

 




Көрілген: 259    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.01.2020, 19:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29