Оқиға

Алматыда тұрғын үйде газ жарылып, 3 адам ауыр жарақат алды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда үш қабатты жекеменшік үйде газ жарылып, 3 адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Первомайка ауылындағы Постышев, 64 «В» мекенжайында барак типтес 3 қабатты жекеменшік үйде жарылыс болды. Онда жалдамалы бөлмелерде 12 отбасы тұрып жатқан.

Оқиға орнына жеткен апаттық-диспетчерлік қызметтің хабарлауынша, жарылыс бірінші қабаттағы №3 пәтерде болған. Қатты дүмпу үйдегі есік-терезені, ішкі қабырғаларды қиратқан. Мамандардың тексеруінен соң үйдегі газ қазандығы қирамағаны анықталды.

Ал қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, жедел жәрдем бригадасы №4 ауруханаға 3 пациентті жеткізді. Үшеуі да қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

«36 жастағы ер адамның денесін 100 пайыз күйік (3-дәрежелі) шалған. Ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Науқастың жағдайы өте ауыр. 19 жастағы қыздың денесінің 85 пайызын күйік (3-дәрежелі) шалған. Жағдайы өте ауыр. 23 жастағы жігіттің беті, аяқ-қолдары күйген (1-дәрежелі). Денесінің 22 пайызы зақымданған. Бұл пациенттің де жағдайы өте ауыр», - деді басқарманың баспасөз қызметінен.

 




Көрілген: 253    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.11.2019, 17:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30