Оқиға

Алматыда үш баласымен терезеден секірген әйелдің өлім алдындағы хаты жарияланды

  • https://www.azattyq.org/

    https://www.azattyq.org/

Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйдің 9-шы қабатынан перзенттерімен секіріп кеткен келіншектің өлім алдындағы хаты жарияланды. Онда әйелдің өмірден шаршағаны, кінәлілердің жағдайды өздері түсінетіні жазылған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Telegram-дағы Krispigram парақшасында жарияланған жазбада қаза болған келіншектің кім екендігі, қайдан келгендігі және не үшін секіргендігі ашық айтылған.

 

Біз бұл өмірде, бізге берілген сынаққа төзе алмадық. Өмір сүруден шаршадық. Ешкімді кінәламаймыз. Ары қарай өмір сүрудің еш мәні қалмады, бізді кешіріңіздер. Кінәлілер өздерін біледі, — деп жазылған соңғы хатта.

 

Сонымен қатар, ақпаратта аталған отбасы жайлы толық ақпарат бар. Қаза болған келіншектің есімі — Қыдырбаева Бақтыгүл Нұрлыбайқызы, 1993 жылдың 2 мамырында дүниеге келген. Күйеуі Оразов Нұрсұлтан Бауыржанұлы 1991 жылдың 20 қарашасында туған. Ол Алматыға Түркістан облысынан келген.

 

Көз жұмған перзенттерінің аты-жөні:

 

Бауыржан Кәусар Нұрсұлтанқызы — 21.03.2015 ж.

Бауыржан Көркем Нұрсұлтанқызы — 12.04.2016 ж.

Бауыржан Тәуекел Нұрсұлтанұлы — 28.12.2019 ж.

 

Естеріңізге салайық, бұған дейін үш бірдей кішкентай баласымен 28 жастағы келіншектің 9-шы қабаттан секіріп кеткендігін жазған болатынбыз.

 

Кейіннен оқиға орнында көршілері жағдайдың қалай болғанын, олардың қандай отбасы екенін айтып берді.

 

Қайғылы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзiн өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

 

 

 

 




Көрілген: 3911    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.11.2021, 18:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31