Оқиға

Алматыда үш баласымен терезеден секірген келіншекке АЭК берілмеген: Әкімдік себебін түсіндіріп берді

  • Алматыда үш баласымен терезеден секірген келіншекке АЭК берілмеген: Әкімдік себебін түсіндіріп берді

    Алматыда үш баласымен терезеден секірген келіншекке АЭК берілмеген: Әкімдік себебін түсіндіріп берді

Шымкент әкімдігі Алматыда үш баласымен терезеден секіріп өлген келіншекке атаулы әлеуметтік көмек (АӘК/АСП) не себепті берілмей қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, Бақытгүл Қыдырбаева Өзбекстанның Шыршық ауданында туған. Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданындағы Нұрсат мөлтек ауданында тұрған. Ал 2021 жылдың 6 тамызынан бастап Алматы қаласының Ауезов ауданындағы Жетісу-1 мөлтек ауданында уақытша тіркеуге тұрған. Баласы №141 орта мектебіне барып жүрген.

 
"2021 жылы 20 мамырда Бақытгүл Қыдырбаева атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген. Оған ІІ тоқсанға 225 352 теңге тағайындалған. Осылайша мамыр (112 676 теңге) және маусым (112 676 теңге) айларына төленген болатын"- дейді басқарма басшысының орынбасары Жанат Өтебаева. 

29 қазан күні Бақытгүл атаулы әлеуметтік көмекке қайта өтініш берген. Бірақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі бұйрығында көрсетілген талап бойынша әлеуметтік көмек берілмеген.

"2021 жылдың шілдесінде күйеуі Оразов Нұрсұлтан Бауыржанұлы TOYOTA CARINA 468AYZ13 автокөлігін сатты. Отбасыға кіретін табыс жан басына шаққанда күнкөріс деңгейінің 70%-нен (25 731 теңге) асып кетуіне байланысты әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылған", - деп атап өтті Өтебаева. 

Оның айтуынша, Нұрсұлтан Оразовтың өзі жұмыссыз ретінде тіркеуге тұрмаған. Жұмыспен қамту орталығының көмегіне де жүгінбепті. Қазіргі кезде Алматы қаласының "Алтын Орда" сауда базарында жұмыс істейді. Ал 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге өтініш Түркістан облысынан жіберілген.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы шағын аудандарының бірінде әйелдің үш баласымен 9 қабаттан секіріп кеткені туралы хабарлаған едік. 28 жастағы әйел 2015, 2016 және 2019 жылғы балаларымен бірге көз жұмды. Сондай-ақ марқұмның күйеуі Нұрсұлтан Оразов отбасындағы жағдай туралы айтып берді. 

"Біз бақытты өмір сүрдік. Бірақ жұмыссыз болатынбыз. Әйелім үйде балалармен отыратын. Өзім базарда қолыма түскен жұмысты істедім. Қазір еш жерде жұмыс істемеймін. Оқиға орын алған кезде үйде болмадым. Әйелім ештеңе айтқан жоқ. Алты жылдан бері Алматыда тұрамыз. Отбасымызда бәрі жақсы болатын", - деді Оразов. 




Көрілген: 442    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.11.2021, 17:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30