Оқиға

Алматыдағы Aport Mall-да жарылғыш зат табылмады

  • Алматыдағы Aport Mall-да жарылғыш зат табылмады

    Алматыдағы Aport Mall-да жарылғыш зат табылмады

Саперлер Алматыдағы Aport Mall сауда орталығынан бомба таппады. Енді жалған ақпарат таратқан адамдар іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, бомба туралы ақпарат жалған болып шыққан. 

"Бүгінде ҚР Қылмыстық кодексінің "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жалған ақпаратта таратқан адамды іздеу бойынша жедел шара жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта сауда орталығы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", - деді Алматы облысы ПД өкілдері. 
 
Еске салайық, бүгін Алматы маңындағы Aport Mall-да жарылғыш зат ізделіп жатқаны хабарланған болатын. Tengrinews.kz редакциясына жіберілген видеода полиция сиренасының дыбыстары естіледі. Сондай-ақ, ғимараттан шығарылып жатқан адамдар көрінеді.




Көрілген: 407    Пікірлер: 0

жұма, 23.04.2021, 23:18

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30