Оқиға

Алматыдағы атыстың куәгері: Тағы бір сот орындаушысы жылап жүрді

  • https://tengrinews.kz/

    https://tengrinews.kz/

Бес адам қаза тапқан Алматының «Ақбұлақ» шағынауданында болған атыс туралы оқиға куәгері айтып берді. Алматы тұрғыны - оқиға куәгері Дінмұхамед Омаров орналасқан кеңсе қайғылы оқиға болған жерден бір-екі үй ғана кейін тұр екен. Ол басында бірнеше рет оқ атылғанын естіген, алайда сыртқа қыздың айғайынан кейін бір-ақ шыққан деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

 

«Бірнеше рет оқ атылды. Біз бұған аса мән бермедік. Бірақ осы оқиғадан кейін қыздың айғайын естідік. Көшеге жүгіріп шыққанымызда бір қыз «ағамды өлтірді, ағамды өлтірді» деп жылап келді. Оның сөзінен атыс болған үйдің ауласында үш мәйіт жатқанын ғана түсіндік. Кейін ол үйді алуға ағасымен келгенін айтты. Олармен бірге сот орындаушысы және екі учаскелік полиция қызметкері болған.

Қыз үйге кірмей қақпаның сыртында қалған, ал қалған бесеуі үйге кірген, оларға оқ атқан. Сол сәтте қыз көмек сұрау үшін басқа жаққа жүгірген», - деді куәгер.

 

Куәгер оқиға кезінде қыздың қасында басқа сот орындаушысы болғанын мәлімдеді.

 

«Тағы бір сот орындаушысы жылап жүрді, ол үйдің ішінде екі куәгер болғанын айтты. Шамасы, ол куәгерлерді осы іске тартқан адам. Менің ойымша, бұл оның танысының немесе оның туыстарының таныстары. Себебі ол жанымызда «қазір оның әйеліне бұны қалай айтамын? Оларды шақырған мен» деп жылап тұрды», - деді тұрғын.

 

Еске салайық, 20 қыркүйек сағат 17:00 шамасында Алматы қаласындағы «Ақбұлақ» шағынауданында қайғылы оқиға болды. 54 жастағы ер адам үйден шығару туралы сот шешімін орындауға келген сот орындаушыларына, полиция қызметкерлеріне және ТЖД қызметкерлеріне аңшы мылтығынан оқ жаудырған. Нәтижесінде екі полиция қызметкері, бір сот орындаушысы және екі бейбіт тұрғын, соның ішінде үйдің жаңа қожайыны қаза тапты. Қайғылы оқиға салдарынан қайтыс болған бесінші адамның жаңа үй қожайынының танысы екені анықталды.

 

Алматыдағы атыс бойынша «Кісі өлтіру» және «Билік өкіліне шабуыл жасау» баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Белгілі болғандай, оның атына қару 2008 жылы тіркелген, күдікті психиатриялық диспансерде есепте болмаған.

 

 

 

 




Көрілген: 2243    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.09.2021, 18:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31