Алматыдағы бүлік кезінде бензин ұрлағандардың видеосы жарияланды

11 қаңтар 2022, 18:01

Тегін бензинге адамдар кезекке тұрған, деп хабарлайды Экспресс К.

 

7 қаңтарда Райымбек даңғылының бойындағы бірнеше жанармай құю бекеттерінен бензин ұрланды. Бекеттер түгел жанып кеткенімен, адамдар жер астына көмілген цистерналардан жіп байланған құтылар арқылы бензинді сыртқа шығарып, алып кетіп жатты.

 

Ұзын-сонар кезекке тұрғандардың арасында Экспресс К тілшісі де болды. Бірақ жағдайды фото-видеоға түсіруге олар барынша кедергі келтіруге тырысты.

 

Мұндай жағдай қаладағы бірнеше жанармай құю бекеттерінде болды. Қараусыз қалған нысандардан адамдар газды да тегін ұрлап жатты. Видеода олардың 5 литрлік баклашкамен бензинді құдықтан су алған секілді тартып жатқандарын көруге болады. Бензиннің жартысы жерге төгіліп жатыр.

 

 

Қазір жағдай барынша тұрақталған. Қалада жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек аса байқалмайды.