Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыдағы дамыту орталығында 6 жасар баланың үстіне шкаф құлап кетті

19 маусым 2023, 20:57

Алматыдағы балаларды дамыту жекеменшік орталығында 6 жастағы бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Sputnik Қазақстан"-ға сілтеме жасап.

Оқиға 17 маусымда болған. Oblako_spase жекеменшік даму орталығында 6 жастағы жеткіншек қайтыс болды. Дүниеден өтерден екі күн бұрын ғана ол туған күнін мерекелепті.

 

"Полиция мен жедел жәрдем қаптап кетті. Не болды десек бала қараусыз қалып, үстіне шкаф құлап кеткен, басына зақым келген дейді. Негізі бұл орталыққа балаларын әкелетін кісілер көп", - дейді Аэлита тұрғын үй кешінінің тұрғыны.

 

Аэлита - Алматыдағы элиталы кешендердің бірі. Oblako_spase жекеменшік даму орталығы осы кешенде орналасқан, балаларды бірнеше бағытта дамытатын орталық көрінеді. Жеткіншек осы Аэлита кешенінде тұрады. Отбасындағы төрт баланың кенжесі екен. Жексенбі күні баланың денесі жер қойнына тапсырылған. Ал орталықтың есігіне мөр басылып, тарс жабылған, басшыларымен хабарласу мүмкін болмады.

 

Oblako_spase жекеменшік даму орталығы © Ертай Сарбасов

 

"Бұл жекеменшік орталық болғандықтан білім басқармасы тарапынан тексеруге, бақылауға заңды құқымыз жоқ. Қандай жұмыстар жасап жатыр, талапқа сай ма, санитарлық жағдайы қандай, ешнәрсесін білмейміз", - дейді қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

 

Жақында ғана "Прогресс" деп аталатын балаларды дамыту орталығында да баланың құқы тапталған бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.

 

"Бұл орталық қаланың білім беру ұйымдарының базасында жоқ. Айта кетейік, ұйым санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алған жоқ. Сондықтан орталықтың балаларды қабылдауға және арнайы қызметтер көрсетуге құқығы жоқ", - дейді қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

 

Ал өз міндетін орындамаған Oblako_spase даму орталығы мамандарының үстінен қылмыстық іс қозғалған.

 

"Бұл дерек бойынша Бостандық ауданындық полиция басқармасында Қылмыстық Кодекстің 141-бабы "Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі күні тергеу жүріп жатыр, тиісті сараптамалар жасалады", - дейді полиция департаменті.