2022 жылңы 4 қаңтардан кейін Алматы қаласында 22 адам із-түссіз жоғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы трагедиясы Telegram каналына сілтеме жасап.
Олардың жоғалғаны туралы полицияға хабарланған.
Соның ішінде 15 адам табылды. Қалған 7 адамның жүрген жері анықталуда.
Барлық оқиғалар бойынша іс қозғалып, жедел-алдын алу шаралары жүргізілуде.
Қалалық полиция департаментінен хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды тұрғылықты жері бойынша аудандардың немесе сол адамды соңғы рет көрген аудандардың ішкі істер бөлімдеріне жүгінуге кеңес берді.