Алматыдағы Көкжайлауда өрт шықты

26 қыркүйек 2022, 14:11

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша тау бөктеріндегі құрғақ шөп жанып жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Қазір өрт сөндірушілер «жоғары дәрежедегі шақырту» бойынша жұмылдырылған.

 

Тілсіз жауды ауыздықтауға Іле-Алатауы ұлттық паркінің, «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің қызметкерлері де атсалысып жатыр.

 

Сондай-ақ, «Қазавиақұтқарудың» тікұшағы қолданылуда.