Оқиға

Алматыдағы құрылыста жұмысшы әйел зорланған

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

BI Group компаниясы #НеМолчиKZ қорының мәлімдемесіне қатысты ресми жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Айта кетейік, бүгін қор өкілдері компания басшысы Айдын Рахымбаевқа үндеу жасаған болатын. 23 наурызда #НеМолчиKZ қорына BI Group компаниясы салып жатқан нысанда жұмыс істейтін қыздың құрбысы көмек сұраған. Оның айтуынша, құрбысы жұмыс орнында зорланған. Жәбірленуші лифтер болып жұмыс істеген. Одан бөлек, оның міндетіне - бояқ беру кірген. Бояқты алуға үнемі әктеушілердің бригадирі келетін. Бригадир үнемі жәбірленушіге тиісіп жүрген, алайда ол сүйіктісі барын айтқан.

 

21 наурызда жұмыс уақыты аяқталар кезде қызметкер жәбірленушіге хабарласып, жұмыс бойынша келетінін айтқан. Бригадир бос жұмыс орны барын айтқан, алайда жәбірленуші қыз ойланатынын, оны астында сүйіктісі күтіп тұрғанын айтып, кетпек болған. Жәбірленуші кетіп бара жатқан кезде бригадир оған тап беріп, қылғындырған. Күдікті жәбірленушіге қоқан-лоқы көрсетіп, зорлаған делінеді.

 

Жәбірленушінің құрбысының сөзінше, ол Бостандық ауданының Ішкі істер басқармасына арыз жазған.

 

 

BI Group холдингі жәбірленушіден кешірім сұрады.

 

"Компания басшылығы болған оқиғадан хабардар. Қызметкерлер тарапынан да, холдинг серіктестері тарапынан да зорлық-зомбылыққа, қысым көрсетуге және қылмыстың басқа да түрлеріне жол берілмейді. Бұл біздің этика кодексімізге ғана емес, жалпы адамзаттық принциптерге де қайшы келеді. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп істің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел топ құрылды. Қорытынды міндетті түрде жеткізілетін болады. Мәселеге аса жоғары басымдық берілген", - деді компания өкілдері.

 

Компания тергеу нәтижелері бойынша кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.

 

 

 




Көрілген: 1324    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.03.2021, 11:53

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31