Оқиға

Алматыдағы "Сарыарқа" базарында атыс болды

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Алматыдағы "Сарыарқа" базарында атыс болды, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Қала тұрғындары күндіз атыс болғандағы туралы әлеуметтік желіде жариялады.

 

"27 мамырда тапа тал түсте "Сарыарқа" базарында атыс болды. Ол көлік тұрағы үшін болған жанжалдан туындаған сияқты", - делінген хабарламада.

 

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 27 мамыр күні түскі сағат 13:00 шамасында болған.

 

"102 нөміріне хабарлама түскен соң жедел тергеу тобы оқиға орнына аттанды. Базар күзетшісі, тұрақ төлемін қабылдайтын қызметкер мен сауда орындарын жалға алған саудагерлер тұрақ ақысына қатысты сөзге келіп қалған. Даудың арты жанжалға ұласып, оқ атылған", - деді ПД баспасөз қызметі.

 

Полиция күдіктілерді бірден ұстаған.

 

"Бұл деректі Әуезов аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 293-бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркеді. Газбен ататын тапанша тәркіленіп алынып, баллистикалық сараптамаға жіберілді. Қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соған сәйкес жарақат алған адамдардың денсаулығына келтірілген зиян дәрежесі анықталатын болады", -деді полиция департаментінің баспасөз қызметі. 




Көрілген: 387    Пікірлер: 0

жұма, 29.05.2020, 19:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31