Оқиға

Алматыдағы субұрқақта болған қайғылы жағдай: Зардап шеккен әйел ауруханадан шықты

  • https://liter.kz/

    https://liter.kz/

Алматы циркінің жанындағы субұрқақтағы электр тоғынан зардап шеккен әйел ауруханадан шықты. Бұл туралы мегаполистің қоғамдық денсаулық басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Орталық қалалық клиникалық аурухананың қабырғасынан науқас 30 маусым күні шыққан.

 

"Науқас кеше үйіне шығарылды, ол барлық қажетті медициналық көмекті толық көлемде алды, жағдайы тұрақты", - деп хабарлады Қоғамдық денсаулық басқармасы.

 

Одан әрі бақылауды тіркелген жері бойынша емхананың дәрігерлері жүргізеді.

 

Еске сала кетейік, 20 маусымда Алматы циркінің жанындағы субұрқақта төтенше жағдай орын алды. Суда қалған екі бала мен әйелді электр тогы соқты.

 

Оларға көмекке бірінші болып 19 жастағы студент Абылай Балапанов барды. Жігіт бірінші әйелді алып шықты. Абылайдың өзін де тоқ соқты. Кейін тағы бір ересек ер адам көмекке келді.

 

Кейін Абылай Балапанов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы атынан марапатталды.

 

Жас жігіт құтқарған қыздар 25 маусымда ауруханадан шығарылды.

 

 

 




Көрілген: 649    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.07.2021, 19:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30