Алматыдағы тергеу изоляторында генерал-майор өлі табылды

06 тамыз 2022, 15:33

Болжам бойынша жоғары шенді офицер өз-өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Антикор генерал-майорды жемқорлыққа жол берді деп айыптап, 23-нші мамыр күні ұстаған екен. Сол кезден бері жоғары шенді офицер қамауда болғанға ұқсайды. Ол "К" есімді азаматтан қылмыстық істі тоқтату үшін пара алды деп айыпталған екен.

 

Марқұм болған Жайлаубек Халықұлы 2009 — 2016 жылдар аралығында Алматы және Ақмола облыстары полиция департаменттеріне басшылық еткен екен. Қазіргі таңда қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

 

Қылмыстық атқару жүйесі өкілдері генерал-майордың өлімін растады.

 

Тергеудегі Ж. Халықұлының денесін таңғы сағат 7:00 шамасында кезекші тапқан. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына жеткен жедел-жәрдем бригадасы оның механикалық асфиксиядан өлгенін растады, — делінген хабарламада.

 

Қазіргі кезде бұл оқиға бойынша тексеру жұмыстары басталып кетіпті.