Алматылық әйел 12 жасар ұлын өлтіріп, өзіне қол жұмсаған

26 қаңтар 2023, 14:05

Алматы тұрғыны бұрынғы күйеуіне "ішіне жын кіргені" туралы хабарлама жолдап, ұлын өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы полициясы 1981 жылы туған әйел 2011 жылы туған ұлын бірнеше рет пышақтап өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсағанын хабарлады. Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелген.

 

"Сондай-ақ, сол күні әйел бұрынғы күйеуіне аудио-хабарлама жолдап, онда ішіне жын кіріп, ұлын оның қолымен өлтіргенін хабарлағаны анықталды. Біраз уақыттан кейін ер адам үйіне келіп, бұрынғы әйелі мен ұлының өлі денесін тапқан", - деді полиция өкілдері.

 

Ер адам бұрынғы әйелі кейінгі айларда психикалық ауруға шалдыққанын айтқан.