Оқиға

Алматылық келіншек гаражға тыққан 164 мың АҚШ долларын ұрлатып алды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы тұрғыны үйіне тығып қойған 164 мың АҚШ долларынан айрылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 34 жастағы келіншек үйі мен жерін сатып, одан түскен 164 мың АҚШ долларын гаражға тығып қойған.


«Бірақ ол моншаның құрылысын бастағанда жасырып қойған ақшасын алуды ұмытқан. Күндердің күнінде құрылысшы жұмыскерлердің бірі телефонын өшіріп, жұмысқа келмей қалады. Ол қасындағы әріптесіне 100 000 теңге берген де қайтарып жіберген. Осыдан соң үй иесінің көңіліне күдік ұялайды. Сөйтсе тығып қойған ақшасы орнында жоқ болып шықты. Үй иесі бірден полицияға хабарласқан. Тергеу тобы 35 жастағы қырғыз азаматын бірден тапты. Ол Алматының ортасында пәтер жалдап тұрып жатқан жерінен ұсталды. 164 мың АҚШ долларының жартысы ұрының қолында болып шықты. Қалған жартысын ол Алматы облысында әр жерге тығып үлгірген. Қазір ақша иесіне қайтарылды. Кей бөлігін Қырғызстанға анасына жіберген. Қазір бұл ақпарат тексеріліп жатыр. Ұсталған адам уақытша оқшаулау орнына қамалды», - деді қалалық полиция департаментінің басқарма басшысы Есен Ысқақов.


 





Көрілген: 1031    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.07.2019, 17:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31