Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматылық тағы бір пранк жасаушы жігіт қамауға алынды

05 сәуір 2022, 17:55

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында К. есімді азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық бойынша іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сот барысында анықталғаны, алматылық тұрғын әлеуметтік желіде пранкер ретінде өзінің көрермендерін көбейту мақсатында «Магнум» сауда дүкенінде видео түсірген. Онда пранкер беліне дейін киімін шешіп тастап, жалпыға ортақ этиканы сақтамай «Буратино» іш!» деп айқайлаған. Осы әрекетімен ол айналасындағыларды сыйламайтындығын білдіріп, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған. «Сот мәжілісінде К. есімді азамат өзінің әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын толық мойындап, іс әрекетіне өкінетінін жеткізді. Сот қаулысымен кінәлі азаматты 15 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі әкімшілік шарасы тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», - делінеді соттың хабарламасында. Еске сала кетейік, бұған дейін алматылық пранкер полицияның модульді пунктінде және қоғамдық көлік ішінде және метро мен сауда орталығында пранк жасағаны үшін қамауға алынған болатын.
ҚазАқпарат