Оқиға

Алматылық "Тайсон" көлік жүргізушісін соққыға жығып, құлағын тістеп алған (фото)

  • © Sputnik / Табылды Кадырбеков

    © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Алматыда болған төбелесте басбұзар ер адамды соққыға жығып, құлағының бір шетін тістеп алды.


Instagram-дағы Kris_p_brothers паблигінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, төбелес Абай мен Саин көшелерінің қиылысында болған. Екі көлік жүргізушісі бір-біріне жол бермей, ерегесіп қалды. Біреуі көлігін көлденең қойды да, машинадан шығып, екінші жүргізушіні соққыға жыққан. 21 жастағы басбұзар онымен қоймай, таяқ жеген көлік жүргізушісінің құлағын тістеп алыпты.



Қаланың ішкі істер департаменті оқиғаның болғанын растады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1-бөлігі (бұзақылық әрекеті) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


"Әуезов аудандық полиция басқармасы оқиғаның мән-жайын және куәгерлерді анықтап жатыр. Зардап шеккен азаматтың жарақаты қаншалықты ауыр болғанын сот-медициналық сараптама анықтайды", - дейді полицейлер.


Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 5 000 айлық есептік көрсеткіш (12 миллион 625 мың теңге - Sputnik Қазақстан) көлеміндегі айыппұл төлеуге міндеттеледі. Бес жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе түрмеге қамалуы мүмкін.


 sputnik




Көрілген: 339    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.07.2019, 11:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31