Оқиға

Алматылықтар "7-20-25” бағдарламасымен салынып жатқан баспаналардың құрылысына қарсы шықты

  • Алматылықтар

    Алматылықтар "7-20-25” бағдарламасымен салынып жатқан баспаналардың құрылысына қарсы шықты

Алматылықтар "7-20-25”, "Бақытты отбасы" секілді мемлекеттік бағдарламалармен салынып жатқан баспаналардың құрылысына үзілді кесілді қарсы. Өйткені, күндіз-түні тоқтаусыз істейтін жұмысшылар еш дамыл бермейді дейді.


Шаң-тозаңнан есік-терезесін ашудан қалған көпшілік құрылыс компаниясы заңға бағынбай отыр деп ашулы. Ал, күні кеше 13-қабаттағы балконға олардың алып краны соғылып шошытқан. Алматылықтар "7-20-25”, "Бақытты отбасы" секілді мемлекеттік бағдарламалармен салынып жатқан баспаналардың құрылысына


Балконына алып кран соғылғанда тұрғындар үйлерінде болған. Бірақ жер сілкінді екен деп бұрышқа отыра қалыпты. Үйдегі шынының бәрі сықырлап жерге түсіп, люстраға дейін шайқалып зәремізді алды дейді. Содан бері тыныштығы кеткен жұрт ораза айына да қарамай айғайға басуда. Өйткені бұл бірінші рет емес. Сондықтан көпшілік түннің бір уағында құрылыс компаниясын алаңға шақырыпты. Алайда, олар төбе көрсетпеді.


“Бульдозермен дірілдетіп жұмыс істеген кезде біздің домға келсеңіз серванттағы ыдыс алға жылжиды. Үй салынбау керек. Бұл жерде заңсыз деп архитектура да, гаска да бәрі берді”, - деді тұрғын Индира Құрымбаева.


250 пәтерлі бұл тұрғын үй бес жыл бұрын бой түзеген. Жұрт баспаналарын жоғарыда таза ауамен демаламыз деп сатып алған. Алайда жанынан тағы бір үйдің құрылысы басталыпты. Алты нысан айналып, ортасында бүлдіршіндер алаңы мен стадион болады деп сендірген. Жоспарында да тура солай көрсетілген. Бірақ көршілері балаға кәмпит беріп алдағандай, үш жылдан соң тағы зәулім ғимарат тұрғызып, мазамызды алды деп қапалы.


“Мынау көрінбейді жол жақтан. Таса жерде. Көзден тасаны пайдаланып, енді мына жерге ортасында емес біздің үйге жақын алты қабатты үй салып жатыр. Рұқсатсыз. Жел де жоқ ештеме жоқ. Қазір құрылыс жүріп жатыр. Көк шаң мына жер шу. Каток жүреді. Жұмыс істегенде үй сілкініп тұрады”, - дейді тұрғын Қайрат Игіліков.


Сөйтсе бұл тұрғын-үйлер "7-20-25", "Бақытты отбасы" секілді мемлекеттік бағдарламамен берілетін баспананың құрылысы көрінеді. Әлі аяқталмай жатып дауға қалып жатса да, қаңқасы бар нысандар әлден сатылымда жүр. Түнде ғана қарапайым халыққа төбе көрсетпеген компания өкілдері бүгін қалалық шенділер шақырған соң жетіп келіпті. Ашуға булыққан жұрт бәрінің көзінше "жігіттік сөзін" ұстамаған ерлердің бетінен алды.


Тұрғындардың шағымы орынды деген қалалық сәулет және құрылыс басқармасының қағазы да бар. Тек сотқа келгенде фирма өкілдері еш негізсіз жеңіп қайта құрылысын бастап, жұмысшыларын жетектеп әкеледі. Енді балконына кранының тұмсығын тақап, көршілерін шошытқан соң әкім орынбасарының өзі араласып отыр. Сөйтіп жұртқа құлақ аспаған фирма басшысына қолын нұқып, көзіне шұқып тұрып бұйрық берді.


“Саламын десеңіздер, бұл кісілерге кедергі жасауға құқықтарыңыз жоқ. Бұл бір. Екіншіден, аула салған кезде осы кісілдердің ауласымен бірігіңіздер. Осылай бірігіп шешім шығару керек. Әйтпесе жұмыстарыңыз бітпейді”, - дейді қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев.


Екі тараптың ендігі ортақ шешімі бір аптадай қаралатын болады. Бірақ бой көтеріліп жатқан ғимарат еш сүрілмейді. Өйткені екі үйдің ортасы 25 метрлік норманы сақтап тұр екен. Мүмкін күн сәулесін түсіру үшін биіктігі азаяды. Ал, әзірге құрылыс тоқтады. Дәл осы апта үш жылдан бері тынышы кеткен жұрттың ұйқысы тыныш болмақ.


stan.kz




Көрілген: 435    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.05.2019, 21:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30