Оқиға

Алматының қоғамдық көлігінде жасөспірім қалта ұрысын ұстады

  • © Tengrinews.kz мұрағатынан

    © Tengrinews.kz мұрағатынан

Алматыда оқушы автобуспен үйіне қайтып бара жатқанда қалта ұрысын ұстап алды. Бұл оқиғаны Facebook пайдаланушысы Шынар Жәнібекова парақшасында жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Ұлым автобуспен мектептен қайтып келе жатқан. Біреу қалтасына қол сұғып жатқанын сезген. Ол тез түсініп, ұрыны ұстап алды, алайда сырт киімі жыртылып қалды", - деп жазған анасы.



Оның айтуынша, жүргізуші автобусты тоқтатып, жағдайға араласқан. Баланы тыңдап, ұрының қалталарын тексергенде 4 ұялы телефонын тапқан. Кейін жолаушылар заттарын танып, өзіне қайтарған.


"Достар, сақ болыңыздар және өзіңізге қарап жүріңіздер!" - деп жазған Шынар Жәнібекова.


 




Көрілген: 283    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.12.2019, 10:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31