Оқиға

Алматының тау бөктерінде 25 гектар аумақ өртке оранды

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Алматының тау бөктерінде тұтанған өрт 25 гектар жерді күлге айналдырды. Қураған шөптен басталған жалынды бірден өшіру қиын болған. Дегенмен сол маңдағы жер үйлерге жетпей ауыздықталды.

 

Өрттің неден тұтанғанына қатысты ресми қорытынды жоқ. Бірақ бірнеше болжам айтылды.

 

Түтіні будақтап басталған жалын ілезде күш алып бет қаратпайтындай өршіген. Төтеншеліктер түскі төртте тау бөктеріне жөнелтілді. Абыр-сабырда бірі резеңке күрекпен, екіншісі пластмасса ыдыстағы сумен отты өшіріп әлек.

 

Соңғы уақытта жиілеген өрттің себебін сол маңдағы тұрғындар малшылардан көріп отыр.

 

Елена Куприенко, Думан ықшамауданының тұрғыны:

 

- Әр жексенбі сайын біздің тау өртенеді. Біздің ойымызша, шопандар осындай қастандыққа барып отыр.  Олар осы жерде қой бағады. Барлық шөп жанып кетті. Бір ай бұрын қарсы беттегі қырат өртенген, қазір шөп шығып, сол жақта малдар жайылып жүр.

 

Жол болмағанда 5-10 метр жердегі үйлерге де ауыз салуы мүмкін еді.

 

Ал бір бетте енді бой көтеріп жатқан баспананың құрылыс материалына дейін түгі қалмай жанып кеткен.

 

Өрт кешкі сағат тоғыз шамасында бір-ақ ауыздықталды. 25 гектар жерді күлге айналдырып үлгерген. 

 

Тау бөктері болғандықтан от ошағына жету мен өшіру қиын болды дейді төтеншеліктер.

 

Ерлан Ахашов, Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары:

 

- Өрт сөндіруге Алматы облысы ТЖД мен Алматы қаласының ТЖД, 28-200 әскери бөлімі, Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің және жергілікті атқарушы органдардың барлығы 132 адам мен 22 бірлік техника жұмылдырылды.  

 

Өрттен зардап шеккендер жоқ.

 

Оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз.

 

Мамандар тексеруді бастап кетті.

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 546    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.09.2021, 22:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31