Оқиға

Алты айлық бала терезеден құлап кетті

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 17 сәуірде Қостанайдағы Б.Майлин 18 мекенжайында болған, деп жазады Egemen.kz.

 

Кешкі сағат 17:00-де бүлдіршін үшінші қабаттан екінші қабаттың шығынқы салынған шатырына құлаған. Оқыс жағдай туралы хабар түскен бетте жедел жәрдем мен құтқару тобы оқиға орнына дереу жетті.

 

«Қуанышқа орай, бала дін аман. Құтқарушылар сәбиді ата-анасы келгенге дейін құтқарып үлгерді. Бала зардап шеккен жоқ, медициналық көмек көрсетілмеді. Көбіне қайғылы жағдайлар ата-аналардың балаларына немқұрайды қарауынан болып жатады»,  делінген ТЖМ хабарламасында.

 

 Жыл сайын көптеген балалар биіктіктен құлап зардап шегеді. Бұл туралы жиі айтылғанымен, қайғылы жағдайлар азаймай отыр. Күн жылынып, терезелердің ашылуына байланысты балалардың ашық терезеден құлауы қайғылы жағдайға алып келуде. Көптеген ата-аналар терезені ашық қалдырудың бала үшін қауіпті болуы мүмкін екенін ұмытып кетеді.

 

Құрметті ата-ана!

 

- балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

 

- балалардың ашық терезелердің жанында ойнауына жол бермеңіз;

 

- терезеде москиттік торлар болғанымен олар темір тор секілді болмайтынын есте сақтаңыз;

 

- баланың өздігінен терезенің алдына шығып алмауы үшін жиһазды терезеден алысырақ жерге орналастырыңыз;

 

- балаңызға терезеден бір нәрсе көрсету мақсатында оған терезенің алдында тұруды үйретпеңіз;

 

- бөлмені желдету үшін терезенің көзін пайдаланыңыз немесе терезенің жоғарғы жағын ашып желдетіңіз;

 

- терезенің тұтқаларын алып тастаңыз немесе арнайы құлпы бар тұтқаларды орнатыңыз;

 

- терезеге бекіткіштер мен бұғаттағыштар орнатыңыз.

 

 

 

 




Көрілген: 416    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.04.2021, 19:24

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30