Алты оқ тиген "Қазақ" Мәскеу орталығындағы шабуылдың жай-жапсарын айтып берді

18 ақпан 2022, 09:43

"Қазақ" лақап атымен танымал ММА файтері Бағдат Дүйсембаев Мәскеу орталығында болған жанжалдың жай-жапсарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РЕН-ТВ арнасына сілтеме жасап.

30 жастағы спортшының айтуынша, ол 17 ақпанда таңертең достарымен Орджоникидзе көшесіндегі спорт клубына абонемент алуға келген. Бұған дейін оларға жеңілдік берілетіні айтылған екен. Автотұрақта Дүйсембаев пен оның достарына күзетшілер келіп, көлікті бес минутта алып тастауы керек екенін, себебі бұл кедергі келтіретінін айтқан.

 
Алайда абонемент сатуы тиіс орталық қызметкерлері кешіккен, ал күзетшілер Дүйсембаевтың айтуынша, тағы келіп аумақтан кетуді дөрекі түрде талап ете бастаған.

"Мен "ашуланып, бір-біріміздің миымызды қатырмай-ақ қояйық" деп айттым. Ол кетіп қалды. Бес минуттан кейін ол бір жерге кіріп, қайтып шықты... Мылтық алып шығып оқтай бастады", - деді файтер.
"Қазақ" ешкім ешкімді қорқытпағандықтан, күзетші оқ жаудырады деп ойламағанын мойындады.

"Мұндайды көп көрсетеді ғой, қорқытады, аспанға оқ атады. Солай қорқытады деп ойладым. Ештеңе сұрамадым, ештеңе айтпадым. Сосын оқ жаудыра бастады", - деді жауынгер.
Кейін спортшы ауруханаға жатқызылған. Бағдатқа алты оқ атылған. Дәрігерлер оқтарды файтердің денесінен шығаруға мәжбүр болған.

Айта кетейік, 16 ақпанда қазақстандық ММА файтері Бағдат Дүйсембаевты Мәскеуде фитнес клубтың күзетшісі атқаны хабарланған болатын. Спортшыға 6 жерінен оқ тиген.