Оқиға

«Алтын Орда» базарындағы жанжал: қылмыстық іс тоқтатылды

  • https://kaz.tengrinews.kz/

    https://kaz.tengrinews.kz/

Алматы іргесіндегі «Алтын Орда» базарында жанжалдасқан көлік жүргізуші мен автотұрақ қызметкері татуласып, қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Алтын Орда» базарында жанжалдасқандар татуласып, қылмыстық іс тоқтатылды. Қос тарап өз кінәларын мойындап, бір-бірлерінен кешірім сұрады және істің тоқтатылуын өтінді», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесінде.

 

Естеріңізге сала кетейік, 30 наурыздағы екі азамат арасындағы жанжал автотұрақ ақысына қатысты шыққан. Қалтасында 100 теңгенің жоқтығын айтқан көлік жүргізушісі 20 мың теңге бере алатынын болмаса төлемді банк картасына ақша аудару арқылы жасай алатынын жеткізеді. Бірақ автотұрақ қызметкері аударымды қабылдай алмайтынын айтып, көлік иесінің автотұрақтан шығуын өтінеді.

 

Осы сәтте тұрақ қызметкерінің сөйлеу мәнері ұнамаған жүргізуші көліктен түседі. Ары қарай сөзге келіспей қалған азаматтар арасында жанжал туындайды.

 

Жазбаға көлік қожайынына қызметкердің пышақ ала жүгірген сәті мен жүргізушінің автотұрақта жұмыс істейтін азаматты жағасынан алып, басымен ұрған кезі түсіп қалған.

 

Артынша базарға келген адам көлігіне отырып, оқиға орнынан кетуге әрекеттенеді. Осы сәтте базардағылар көліктің кетуіне кедергі жасауға тырысады.

 

Істің насырға шапқаны сонша осы кикілжіңге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 

«Бұзақылық» бабы бойынша қозғалған іс қос тараптың татуласуына байланысты тоқтатылды.

 

 

 




Көрілген: 449    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.04.2021, 17:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31