Оқиға

"Алтын Орда" тұрағындағы төбелес желіде дау туғызды

  • https://kaz.tengrinews.kz/

    https://kaz.tengrinews.kz/

Әлеуметтік желіде Алматы базарлараның бірінде болған жанжалдың видеосы пайда болды. Базар тұрағына көлігін қоймақ болған жүргізушіге бірнеше адам шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

2021 жылдың 30 наурызында сағат 9.10 шамасында "Алтын Орда" базарында болған жағдайдың видеосы пайда болды. Екі адам, біреуі жол талғамайтын көлік жүргізушісі, ал екіншісі автотұрақ қызметкері базар алдында төбелес шығарған. Оқиға болған жерден түсірілген кадрлар әлеуметтік желілердегі барлық танымал топта тарады.

 

 

"Көлікті тұраққа қою үшін ақы төлеу керек. Бірақ қолымызда ұсақ тиын болмады. 20 мың теңгелік купюраны ұсынып, ақшаны Kaspi-ге аударуға болады ма сұрадық", - дейді видео авторы.

 

 

Бірақ ер адам бұл ұсынысқа келіспей, ол жерден "тайып тұр" деген. Кейін жүргізуші көлікті тұраққа қойып базар ішінен ақшасын алмастырып келуді ұсынған және сол үшін тұраққа өткен. Осы сәтте жанжал басталған.

 

"Тұраққа өткенімізде ол көлікті ұрып, артымыздан келді. Көліктен түскенде қоқаң-лоққы көрсетіп, пышақ алып шықты. Сол сәтте жұдырықпен ұрған еді талып қалды", - делінген видео сипаттамасында.

 

Кейін жанжалға тағы бірнеше ер адам қосылған. Олар көліктің алдына орындық, үстел тәрізді заттар қойып, тұрақтан шығып кетуіне кедергі болған.

 

Айта кетейік, бейнеролик қолданушылар арасында түрлі пікір тудырды. Кейбіреулер жүргізушіні қорғаса, ал басқалары автотұрақ қызметкері жағына шықты. Кейін жол талғамайтын көлік жүргізушісінің өзі төбелес ұлтаралық араздық негізінде шықпағанын хабарлады.

 

Оқиға Алматы облысы аумағында болған. Өңір полициясы ресми түсінік берді. Жергілікті полиция департаменті бұл факт бойынша ешқандай арыз-шағым түспегенін хабарлады.

 

"Факт әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталып, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-ның 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу басталды. Оқиғаның барлық себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ, оған қатысушылардың барлығы анықталады", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

 

 




Көрілген: 2408    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.03.2021, 17:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31