Сәрсенбінің кешінде Қазақстанның бірқатар облыстарының тұрғындары көктен болмысы бөлек аспан денесін байқап қалды. Біреулер оны өзге әлемнен келгендердің кемесіне баласа, тағы бір топ әлеуметтік желіге өздерінің құйрықты жұлдыз көргенін жарыса жазып жатты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Жұмбақ аспан денесінің "Байқоңыр" айлағынан ұшып шыққан "К.Э.Циолковский" атты ғарыш кемесі екені Экспресс К редакциясына Newscorr қолданушысы жіберген бейнежазбадан белгілі болды.
Ресейлік "Роскосмос" корпорациясының баспасөз қызметі сәрсенбі күні Астана уақытымен 19:54 шамасында Байқоңырдан аттанған кеменің үш сағаттан кейін Халықаралық ғарыш станциясының Ресейге қарасты "Рассвет" модулімен түйіскенін хабарлады.
Экипаждың құрамында Ресей азаматтығын қабылдаған Қостанайдың тумасы Дмитрий Петелин мен оның әріптесі Сергей Прокопьев және америкалық NASA-ның өкілі Франциско Рубио бар. Ғарышкерлер Халықаралық стансада түрлі жұмыстар атқарып, жерге 2023 жылдың 28 наурызында бірақ оралады.