Оқиға

"Анам компьютер алдында отырған": Нұр-Сұлтанда пәтер төбесі опырылып түсті

  • "Анам компьютер алдында отырған": Нұр-Сұлтанда пәтер төбесі опырылып түсті

Төбе сылағы опырылғанда тұрғындардың бірі бөлмеде болған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ

Нұр-Сұлтанда көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінде төбе сылағы опырылып түсті. Бұл туралы сол үйдің тұрғындары хабарлады.

Оқиға Lighthouse тұрғын үй кешеніндегі пәтерде болған. Опырылған төбенің суреті әлеуметтік желіде жарияланды. Фотодан төбе сылағының біразы түсіп, бөлме ішіне шашылғаны көрінеді.

Бұл сәтте пәтер тұрғындарының бірі бөлмеде болды, деп жазды пост авторы.

"Анам компьютер алдында отырған, егер ол анамның басына құлағанда, өте қайғылы жағдай болуы мүмкін еді", - делінген хабарламада.

Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай олардың пәтерінде алғаш рет емес. 2020 жылдың наурызында басқа бөлмеде де төбе сылағы опырылып түскен.

Lighthouse тұрғын үй кешенін BI Group компаниясы салған. Алайда астаналықтардың пәтерінде нақты кім жөндеу жүргізгені әзірге белгісіз. Барлығына жұмысты сапасыз орындаған жалдамалы бригада кінәлі болуы мүмкін.

sputnik.kz




Көрілген: 1849    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.05.2021, 21:36

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30