Оқиға

Анасы мен екі қызы: Шамалғандағы апаттан зардап шеккендердің жағдайы ауыр

  • Фото: Әлеуметтік желіден

    Фото: Әлеуметтік желіден

Күні кеше, 15 қыркүйек күні Шамалғанда жантүршігерлік жол апаты орын алды. Жолаушылар пойызы рельсте тұрған автобуспен соғысып қалды. Мамандар қазіргі уақытта зардап шеккендердің жағдайы қалай екенін айтып берді. Бұл туралы "Алматы" телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.


Апат салдарынан зардап шеккендер туралы журналистерге Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ниязбек Өмірзақ айтып берді.


Оның сөзінше, үш адам - бір әйел мен екі жасөспірім ауыр жарақат алған.

Зардап шеккен келіншек және 14, 16 жастағы қыздар бір жанұя мүшелері, нақтырақ айтқанда, анасы мен екі қызы.


Қазіргі уақытта олар Қаскелең ауруханасында жатыр. Ақ халаттылар келіншектің жағдайы ауыр деп отыр. Ал қыздардың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. Олар медикаментозды ұйқыда жатыр.


Айта кетейік, күні кеше Шамалған бекетінде пойыз бен автобус соқтығысып қалды. Алдын ала ақпарат бойынша, жол апатынан екі адам көз жұмып, тоғыз адам зардап шеккені хабарланған еді.


Алайда, ресми ақпарат бойынша тек автобус жүргізушісінің қаза тапқаны белгілі болды.


Тоқаев марқұмның жанұясына көңіл айтты.


Бас көлік прокуратурасы тергеу барысын бақылауға алды.


ҚТЖ Ақсеңгір-Шамалғандағы жантүршігерлік апат қалай болғанын мәлімдеді.


Куәгерлер адамдардың маңызды екенін айтып, әйелін де қоғамдық көліктен итеріп жіберген автобус жүргізушісі туралы айтты.


 


 




Көрілген: 677    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.09.2019, 10:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31